«Жаңа ғана танысқан адамдарға қалай бас июге болады»: танымал блогер қазақтың дәстүрін сынады
Танымал әнші Бүркіттің атышулы қарындасы Әсел Асқар қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрін сынап тастады.
Блогер қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрмет білдіретін салт-дәстүрін мүлдем қабылдай алмайды екен, деп хабарлайды Экспресс К.
Әселдің өзі — оңтүстіктің тумасы. Соған қарамастан ол оңтүстік пен батыс жақта жақсы сақталған бұл үрдісті мойындамайды екен.
«Мен түсінбейтін, қабылдай алмайтын бір салт-дәстүр бар. Ол — сәлем салу. Мен ес білген шағымнан бастап әжемнің бауырында тәрбиеленіп өстім. Соған қарамастан «сәлем салу» дәстүрін түсінбеймін! Жаңа ғана танысқан адамдарға қалай бас июге болады? Тек Аллаға ғана бас ию керек! Және сені бағып-қағып өсірген ата-анаңа бас иген жөн. Ал ата-енеге деген құрметіңді басқа жолмен көрсетуге болады. Мен сәлем салу дәстүрін «екіжүзділік» деп санаймын. Кейде келіндер енесіне сәлем салып тұрып, артынан жек көріп, жамандайтыны бар», — дейді Әсел Асқар.
Жақында блогер жастық шақтың буымен пәктігінен айырылған қыздарға кеңес берген еді. Әселдің айтуынша, болашақ күйеуінен жігітінің болғанын жасырған дұрыс екен. Себебі ер адамдар оны түсінбейді.