Путин жарлыққа қойды: әскер кіргізілуде
Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцке жақын арада Донбасс туралы жарлыққа қол қою ниеті бар екенін айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
– Барлығын ескере отырып, Ресей президенті жақын арада тиісті жарлыққа қол қоюға ниетті екенін айтты. Франция президенті мен Германияның федералдық канцлері бұл жағдайға көңілі толмайтынын білдірді, – делінген хабарламада.
Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен кезде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцты Ресей Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы қорытындылары туралы хабардар етті.
– Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронмен және ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындылары туралы хабарлады. Мемлекеттік Думаның Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешімі қаралды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Кремль қос сепаратистік аймаққа әскер кіргізе бастады. Бұған жауап ретінде АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге санкция салынатынын ескертті. Ізінше БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді. Украина президенті Владимир Зеленский халқына Үндеу жолдады.
«Бізде және біздің мемлекетімізде тарих бойынша ұзақ дәрістер тыңдауға уақыты жоқ, сондықтан мен өткенге үңілмеймін. Қазіргі жағдай мен болашақ жайлы айтайын. Менің артымда халықаралық деңгейде танылған шекараларымен Украина тұр, оған қатысты Ресей Федерациясы қандай мәлімдеме айтып, әрекеттер жасамасын ол өзгеріссіз қалады», – деді Зеленский азаматтарға арналған үндеуінде.
Сондай-ақ, Украина басшысы Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасын мойындау Ресейдің Минск келісімінен өз бетінше шығуын білдіретінін айтты.