Нығматулиннің қайда екені белгілі болды

0 540

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин өзінің отбасымен бірге Лондонға ұшып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы журналист Махамбет Әбжан өзінің

Telegram-арнасында жариялады.

– Мен бұл жерде Bigben мен Темзаны көріп отырған жоқпын. Менің ойымша, сіз осының барлығы бос сөз екенін түсініп отырсыз. Өтірік. Сондықтан бұндай мәлімдемелерді тыңдаудың қажеті жоқ деп ойламын. Мен Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтандамын, – деді экс-спикер.

Сонымен қатар, Нығматулин мәжіліс спикер лауазымынан отставкаға кеткенен кейін қазір немен айналасып жүргені туралы айтып берді.

– Менде соңғы жылдарда мүлдем бос уақытым болмады. Қазір мен көптеген кітаптар оқып, достарыммен кездесулер өткізудемін. Жақында мен кейбіреулерімен 10 жыл көріспеген өзімнің сыныптастарымен кездестім. Отбасы, балалар, немерелер. Бос уақытын барда – істейтін шаруа да болады, – деп түйіндеді Нұрлан Нығматулин.

Видеоның толық нұсқасы: https://t.me/abzhannews

VID_20220221_211526_275.mp4

Leave A Reply

Your email address will not be published.