Желіні шулатқан Смайыловтың сағаты

0 370

Премьер-министрдің кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген сағаттың бағасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы «Cartier Tank» екенін айтып, сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (2,1-3,4 млн теңге) баратынын жазған еді.

Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай журналистің бұл болжамын жоққа шығарып, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың қанша тұратынын айтты.

«Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын», — деп жазды Желдібай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.