БАҚ: Ресей әскеріне Украинаға басып кіруге бұйрық берілді

0 975

Америкалық CBS телеарнасы америкалық шенеунікке сілтеме жасап, Ресей әскери қолбасшылығы Украинаға шабуылды бастау туралы бұйрық алғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бізде ресейлік қолбасшыларға Украинаға басып кіруге бұйрық берілгені туралы барлау мәліметі бар», — деді телеарна тілшісі Дэвид Мартин эфирде.

Оның айтуынша, командирлерге ұрыс даласындағы өз секторында нақты әрекет ету жоспарын әзірлеу тапсырылған.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, бұл бұйрық шабуыл болатыны сөзсіз екенін білдірмейді, өйткені Ресей президенті Владимир Путин әлі де бұйрықты өзгерте алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.