Назарбаевқа ескерткіш қоюға да болатын еді – Санжар Боқаев
«Намыс» атты жаңа партияның жетекшісі Санжар Боқаев не үшін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айта алатыны туралы ойларымен бөлісті.
«За нами уже выехали» YouTube-арнасына берген сұхбатында Санжар Боқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылға дейінгі істеген істері үшін ескерткіш қоюға болатынын айтты.
– Менің оған рахмет айтатын жөнім бар. Мен бұған дейін де айтқанмын. Оның 2007 жылға дейінгі істеген жұмысы үшін есткерткіш қоюға да, көшелерді де атауға болатын еді. Өйткені, шекараны демаркациялау мәселесі, бұл әлемдік саясаттың барлық субъектілерімен берік, достық, дипломатиялық байланыстар орнату, нарықтық механизмдерді құру мәселелері. Мен оны осы үшін құрметтеймін. 2007 жылға дейін болған барлық нәрсе үшін оған алғыс айтамын.
Бірақ осыдан 3-4 жыл бұрын 2012 және 2015 жылғы президенттік сайлауға түспеуі керек деп айтқанымда, мен шеттетілдім. 2007 жылдан кейін – бәрін қысым көрсету, бұл партиялық тізімдегі алғашқы сайлаулар және т.б. Рахмет деп айтатын ештеңе жоқ. Ол жай ғана адамдардың уақытын ұрлады, – деді Боқаев.
Сонымен қатар, Боқаев сол кезде сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның штаттан тыс кеңесшісі болған кездер туралы естеліктерімен бөлісті.
– Онымен бірге жұмыс істеген адамдардың Мен онымен тек 5 ай ғана жұмыс істедім. Мен сенат төрағасының штаттан тыс кеңесшісі болды. Ол кезде Дариға Назарбаева еді. Біз кездестік. Мен оған қателіктерді дұрыстап, жоғарғы палата жақсы істеуін қамтамасыз ету үшін сенат қалай жұмыс істеу керек туралы айттым. Ол бәрін тыңдап, қабылдады. Мен оған аптасына бір рет келетінмін. Нақты жобалар мен құжаттармен келгенмін. Мен айтқан проблемалар бойынша ол түсінді.
Бірақ, бүкіл проблема – ол шешім қабылмай алмайды. Үнемі бірдеңеден қорғатын. Барлығын ысырып, «талқылайық, талқылайық» деп айтатын. Ештеңе өзгермегентіктен мен бұл жерде қалғым келмеді. Мен тегін жұмыс істедім. Бұл менің елге көмектесем деген ойым болды. Мені оның адамды деген жалған. Олардың ештеңе өзгертпейтінін білгенде мен кетіп қалдым, – деп түйіндеді саясаткер.