«Дикий Арманның» анасы кешірім сұрады
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева қырғыз халқынан кешірім сұрап, бейнеүндеу жазды.
Видео қырғызстантық Kaktus Media Telegram-арнасында жарияланды.
Ол ұлының қырғыз халқын қатты жақсы көретінін айтып, Арманның жақсы жақтарын атап өтті Сондай-ақ ол Айкөл Аликжанованың келіні екенін, тұңғыш немересін сыйлағанын айтты.
– Мен, Жұмагелдиева Роза Хамзақызы, 70 жастағы зейнеткермін. Арман Жұмагелдиевтің анасымын. Сіздер оны «Дикий Арман» деп танисыздар ғой. Үлкен басыммен иіліп, қырғыз халқынан кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар, дұрыс істемеген шығар. Салдарынан екі ел арасында ұлттық араздық болып кетті. Соған жүрегім ауырады. Бірақ оның ондай жаман ойы жоқ еді. Шын мәнінде, ол қырғыз елін өте жақсы көреді.
«Керемет жауынгер, патриот халық» деп әрқашан да мақтан тұтады. Алланың бұйрығы шығар, сол қырғыздың қызына үйленіп, құда-құдағи болып отырмыз. Келінім Айкөл Аликжанова маған тұңғыш немеремді сыйлады. Біз бақытты өмір сүріп жатыр едік. Пайғамбардың өзі күйеу баласын сыйлаған. Сондықтан бір-бірімізге кешірімді болайық, – деді Жұмагелдиевтің анасы.
https://t.me/kaktus_mediakg/23012