Нығматулиндер отбасы дүние-мүліктерін сатуда: Экс-спикер қайда кетпек?
Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин шет елге аттанды. Бұл туралы Haqnazar Arnasy жариялады. Нұрлан Нығматулин жақындарымен бірге Лондонға кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.
Желіде Нұрлан Нығматулиннің Лондонға кеткені туралы хабар тарады. Мәжілістің экс-спикерімен бірге оның жақын туыстары да шет ел асқан.
«Нығматулиндер отбасына тиесілі барлық нысандар мен бизнестер сатылымға шығарылды», — деп жазды Haqnazar Arnasy telegram-да.
Нұрлан Нығматулин бұған дейін лауазымды қызметтер атқарған. Ол елорда әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, президент әкімішілігінің басшысы, Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Президент әкімшілігі басшысы, Мәжіліс төрағасы секілді лауазымды қызметтерді атқарды. Ол ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымында төраға болып, осы қызметте 10 жыл бойы жүрді.
Нұрлан Нығматулиннің сынары Ерлан Нығматулин 18 жыл депутат болған. 1999-2011 жылдары Мәжіліс депутаттығына сайланса, 2012-2017 жылдары президент жарлығымен Сенат депутаттығына тағайындалды.