«Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында студенттер мен жас мамандарға дәріс өткізілді
Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында департаменттің бас маманы А.Ажибаев «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында өңірде орналасқан жоғары оқу орындары студенттері мен аудан әкімдіктерінде келісім-шарт негізінде қызмет ететін жас мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында агенттік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және қоғамда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы айтылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң аясындағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктері туралы айтылды.
Шара соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тиіті жауаптар берілді.