Жәмішев жаңа қызметке сайланды

0 691

Қазақстан халқына қорының директоры Болат Жәмішев Самұрық-Қазына қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамның баспасөз қызметі алғашқы кеңес 16 ақпанда өткенін хабарлады.  

«Қоғамдық кеңес құрамына белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлері, сарапшылар, қаржы секторының өкілдері мен медиа-қоғамдастық өкілдері кірді. Ашық дауыс беру арқылы, бір адамның қалыс қалуымен басым дауысқа ие болып, оның төрағасы ретінде «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев сайланды» делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, қоғамның баспасөз қызметі кеңестің жұмысына ешқандай шығын кетпейтінін және оның қызметкерлеріне жалақы төленбейтінін алға тартты.

Алғашқы отырысы кезінде Самұрық-Қазына акционерлік қоғамын реформалау жоспары талқыланды.

Еске салсақ, 2021 жылдың желтоқсан айында Самұрық-Қазына АҚ қоғамдық кеңесі құрылды. Ашық іріктеу бойынша, құрамына 10 адам (7-еуі азаматтық қоғам өкілі, 3-еуі қор қызметкерлері) кірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.