Тоқаев Назарбаевтың қателігі туралы айтты
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында «Қаңтар оқиғасына» қатысты сұрақтар қойылып, мемлекет басшысы жауап берді. Сондай-ақ, Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы пікір білдірді.
– Әлеуметтік желілерде Тұңғыш президент туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр. Қанша адам болса, сонша пікір бар дегендей.
Мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін жоққа шығармаймын. Бұл – тарихқа құрметсіздік. Егер Тұңғыш президенттің қателіктері болса, онда бұдан жас басшылар сабақ алуы керек, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы елімізде атқарылатын жұмыс көп екенін, саяси реформаларды наурыз айының ортасында жариялайтыны туралы да ақпаратты жасырып қалмады.