Ел астанасының ресми атауы өзгереді
Таиландта Корольдік қауымдастық басқармасы (ORST) ел астанасы Бангкоктің ресми атауы өзгергенін хабарлады. Енді Таиланд астанасы Krung Thep Maha Nakhon («Періштелер қаласы Ұлы астана») деп аталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkok Post-қа сілтеме жасап.
Астана атауын өзгерту туралы ORST ұсынысын Таиланд министрлер кабинеті қолдады. Жаңа ресми атау комиссия тексерісінен кейін заңды күшіне енеді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Krung Thep Maha Nakhon тек ресми түрде қолданылады. Ал Бангкок атауы сол күйі жақша ішінде жазыла береді.
Корольдік қауымдастық басқармасы Facebook-тегі парақшасында екі атауды бірдей қолдана беруге болатынын жазды. Ел астанасының атауын өзгерту туралы шешім қоғамда сынға ұшыраған болатын.