Түркістан тұрғыны ұлды болу үшін 9 рет үйленген

0 687

Түркісан облысы Ақкиік ауылының тұрғыны Айтбек Досаевқа сегіз әйел тауып бере алмаған ұлды тоғызыншы тоқалы туып берген. Ол 25 жылда 9 рет үйленген.

Досаев Астарлы ақиқат бағдарламасына алты жыл некеде болған әйелі Гоззалды іздеп келген.

Оның айтуынша, Гоззал отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған. Бірақ Гоззал ажырасуларына басқа себеп болғанын алға тартты. Ол Досаев бірінші некеден туған қызын зорламақ болған дейді.

Гоззалдың 19 жастағы қызы Наргиздің айтуынша, өгей әкесі оған қол жүгірткен. Ол тіпті ақша ұсынуға тырысқан. Амалсыздан Наргиз барлығын анасына айтқан.

Гоззалдың 72 жастағы енесі Алуаш Досаева тіпті Наргизді ұлына оныншы әйел етіп алып беремін деп уәде берген. Бірақ бағдарламада ер адам да, оның анасы да келіннің сөзін жоққа шығарды.

«Тоғызыншы тоқалы екенімді білмедім. Алты жылда Айтбек Досаевқа бір ұл, бір қыз туып бердім. Күйеуім қанша мәрте үйленсе де, алдыңғы әйелдерінен тек қыз балалар өмірге келген. Мені іздеуінің де себебі сонда шығар» деді Гоззал Тасболатова.

Бағдарлама кезінде Гоззалдың 9-сыныптағы ұлы бар екені анықталды. Ол Досаевқа тұрмысқа шығарда баланы әкесіне Қарақалпақстанға беріп жіберген.

«Күйеуім мен енем балаңның ақыл-есі кем, оқып, жаза алмайды деп сөкті» деп түсіндірді келіншек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.