Белгілі ақын Тоқаевтың ата-тегіне қатысты қызықты дерек айтты (видео)

0 1 373

Белгілі ақын, қайраткер Светқали Нұржан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ата-тегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Қасқа жол» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

— «Алдыңғы жылы Қоянды көлінің жағасында бір топ әнші, күйші, ақын інілерім бар демалдық. Сонда жалайыр елінен шыққан, маған күйеубала болып келетін үлкен ғалым, шенеунік Қасым-Жомарт Тоқаевты көкем деді. Харизмасы жоқ, уақытша адам ғой деген пікір айтты. Ол патша болатын адам емес, патша болатын адамның сипаты басқа болады ғой деді. Мен сонда мынадай әңгіме айттым: сен ақылдысың, білім иесісің, ақылды жігіт екеніңді білемін қазақты үш жүзге, отыз рулы елге бөлмейтін жігітсің. Бірақ құдайшылығыңды айт. Сені үш жүз жыл арпалысқан қаруы, күші, саны тең емес Ресей империясымен 300 рет қан кешу майданына шыққан арыстан қазақ сонша қырғын геноцид, зауалдан, нәубеттен аман шығып барып Ұлы Отан соғысында анадай қайрат көрсетті. 70 жыл тағы да туталақайы шыққан қазақ, тоқыраудан тезегі шығып кеткен қазақ, одан кейін 30 жыл ойранға тап болды. 30 дыл атасын танымайтын, Отанын сатуды мұрат қылған адамдардың тонауына түстік. Не істедің? Ештеңе істей алған жоқсың. Себебі, уақыт түскен жоқ. Назарбаев 2019 жылы өзінің қызы Дариғаны, Маминды, Мәсімовты қойғанда не болатын еді. Дым да қыла алмайсың. 5 күн әлеуметтік желіде шәуілдейсің, ал олар 3 күнді сенің үніңді өшіре қояды. Сосын тағы қанша жыл отырарыңды бір Құдай біледі. Сол 30 жылдың ішінде үстіне бір харам дақ жұқтырмаған адамды әкеліп отырған кім саған. Бұл дүниенің өзгерісі емес пе? Ондай адамның неге мен тілеуін тілемеуім керек. Қазақты жерге тығамын, құртамын, тілін тезек қыламын, отыз жыл бойы табаныма таптап, шылғау қылып өшірдім дегендердің ретең қалай жауап бергенін көресің дедім. Жалайырдың қандай ерлік жасағанын білесің ғой. Жалайыр күллі үш жұрттың ноқтасы ғой. Олар Мысырға дейін қандай қызмет атқарды. Тарихтың тар өткелінде сол жалайырдың ұрпағын қазаққа басшы қылып әкеліп отыр» — деді ақын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.