Қазақстанда жаңа партия құрылмақ
Белгілі қоғам қайраткері Санжар Боқаев жаңа партия құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— «Бүгін мен баспасөз мәслихатын өткізіп, саяси партияның құрылғанын жариялаймын. Біздің партия құруымыздың басты себептерінің бірі – үкімет жұмысының әлсіздігі және жемқорлық. Үміттенуден, күтуден шаршадық. Мемлекет тек естігендей кейіп танытады. Мәселен, Өзбекстан үкіметі президенттің тиісті тапсырмасын орындай отырып, ауылшаруашылық техникасына баж салығын алып тастауға небәрі үш күн ғана уақыт берді. 1,5 ай бойы біздің үкімет құтқару мөлшерлемелерін шеше алмай, блог-турлармен айналысуда. Лобби тағы да мемлекеттен күшті болып шықты», — деді Боқаев.
Ал мұндай мысалдар өте көп.
— «Сондықтан, бізге, қоғамға жаңа партия керек. Ол қандай бағытта, қандай миссия мен мақсаттарды көздейтінін жиында айтамын», — деп қосты саясаткер.
Ол сағат 11.00-де Абылай хан көшесі, 53, Mercure Almaty қонақ үйі, «Хан Тәңірі» конференц-залы, екінші қабатта БАҚ пен сарапшыларды шақырды.
— «Иә, екі сағаттан кейін. Кешіккен ақпарат үшін журналистерден кешірім сұраймын. Бұл шараға ешкім кедергі келтірмеуі үшін солай жасадым», — деп түсіндірді Боқаев.