Құлыбаев пен Боранбаевқа тықыр таянды: 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0 1 215

Молдава прокуратурасы тұңғыш президент Нұрсултан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен құдасы Қайрат Боранбаевты бопсалау бойынша айыптап, жауап алу үшін шақырған.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жариялаған құжатқа сәйкес, Құлыбаев пен Боранбаев Молдавада Конституциясының 189-бап, 6-бөлімі бойынша айыпталуда.

Молдова заңамасы бойынша, 189-бап 6-бөлімі бопсалау бойынша аса iрi мөлшерде жасалған әрекеттер – 13 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

«Қазақстан Республикасының азаматы Құлыбаев Тимур Асқарұлы № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 07.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті» делінген құжатта.

Дәл осындай шақырту Қайрат Боранбаевтың атына да жіберілді.

«Қазақстан Республикасының азаматы Боранбаев Қайрат № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 03.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті» делінген құжатта.

Құлыбаев пен Боранбаев жауап алу үшін келгені туралы белгісіз.

Тимур Құлыбаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваны күйеуі. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, «Kazenergy» қазақ мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы.

Қайрат Боранбаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Дариға Назарбаеваның ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаевқа күйеуге шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды. Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, өлімге кокаин себеп болған.

Желі қолданушыларының пікірінше, бұл іс молдовалық кәсіпкері Анатолий Статимен байланысы болу мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.