Ресей Думасы Луганск және Донецк республикаларын ресми түрде мойындады
Ресей Думасы бүгін өткен пленарлық отырыста Луганск және Донецк халықтық республикаларын ресми түрде мойындады. «Единая Россия» партиясының депутаттары Виктор Водолацкий мен Артем Туров енгізген құжатты депутаттардың 351-і жақтаса, 16-ы қарсы дауыс берген, ал 1 адам қалыс қалған. Осылайша қос аймақтың өз алдына жеке мемлекет болуын көздейтін құжат ел президенті В.Путиннің қол қоюына жіберілді.
Украинаның Луганск және Донецк аймақтары 2014 жылы өткен Евромайданнан кейін өздерінің дербестігін жариялаған болатын. Әзірге оларды егеменді ел ретінде Ресей құрамындағы Оңтүстік Осетия республикасы ғана таныған.