Тиым салынған заттар қатаң бақылауда
ҚАЖ мекемелерінің ішкі аумағына тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да, тыйым салынған заттарды кіргізу деректері орын алуда. Айта кетейік, тыйым салынған заттардың басым көпшілігі сотталғандар мен тергеудегілерге келген сәлемдемелерде тәркіленеді . Сонымен қатар, мекемеде қамауда отырған тұлғаларға қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтар тарапында тыйым салынған заттарды айла тәсілмен кіргізбекші болған деректерорыналуда. Мәселен өткен жылы дәл осындай дерекпен 4 азамат ұсталған. ҚР ӘҚбК 481 бабы 1 бөлігіне сәйкес, мекеме аумағына кіріп шығатын барлық азаматтарға ескертіп түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінде тексеру тобының қызметкерлерімен жеке тексеруден бөлек 《ADANI CONPAS》сканерлеу аппаратынан өткеннен кейін, келушілер ішкі аумаққа кіреді. Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу ҚР ӘҚбК-нің 481 бабында көзделген әкімшілік жазаланатын әрекет болып табылады.