Көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты
Бүгін Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Танысу барысында көктемгі дала жұмыстарына 74 шаруақожалық дайындық жұмысына кірісіп кеткен, астықты өлке Түркістан ауылдық округінде болды.
Онда қойманы аралап, шаруақожалық иелерімен кездесті.
Техникаларды көріп, дайындық барысына қанықты.
Жалпы аудан бойынша тоқталсақ; 2021 жылдың өнімі үшін егілетін жаздық дақылдар үшін, 14140,0 гектар жер сүдігер көтеріліп, 3600 гектар жерге күздік бидай себілді. Ақпан айының басында күздік бидай дақылының егістік жағдайы бойынша, алынған монолитке сәйкес 3285 гектар (91,3%) жағдайы жақсы, 315 гектар (8,8%) жағдайы қанағаттанарлық.
Көктемгі дала жұмыстарына 219 дана трактор, (оның ішінде 36 дана қуатты К-700, Т-150 тракторлары) 59 дана соқа, 10 дана қопсытқыш, 39 дана дән сепкіштер дайындықта тұр.
2021 жылдың өнімі үшін 6000 гектар жаздық арпа, 1200 гектар дәндік жүгері, 7200 гектар мақсары, 40 гектар картоп, 270 гектар көкеніс, 360 гектар бақша және 1150 гектар көпжылдық шөптер.
Сонымен қатар, 3895 гектар алдыңғы жылдардағы көпжылдық шөптер. Барлық егістік жердің көлемі – 23715 гектар. Жаздық арпа мен көпжылдық шөптер себу жұмыстары наурыз айының 3-ші декадасында басталады. Мақсары және басқа да дақылдар сәуір айында, ауа температурасы қолайлы мерзімде басталады.
Жоспарланған өнімді алу үшін сапалы тұқыммен дайындауда.
Оның ішінде күздік бидай дақылы толық себілген (650 тн тұқым, оның ішінде 50 тн «Стекловидная-24» элита тұқымдары), жаздық арпаның 1080 тн тұқымның 100,0%-ы, дәндік жүгеріге 30 тн тұқымның 100,0%-ы, мақсарыға 180,5 тн тұқымның 100,0%-ы шаруаларда дайын тұр.
Жетіспейтін көпжылдық шөптердің тұқымы ауданда дайындалмауына байланысты, 28,8 тн көпжылдық шөптердің тұқымы Мерке ауданынан және Түркістан облысынан сатып алынуда.
Көктемгі дала жұмыстарына 715,0 тонна кепілдетілген дизель отыны бөлінді. Оның ішінде, 130,0 тонна ақпан айына, 260,0 тонна наурыз айына, 195,0 тонна мамыр айына және 130,0 тонна маусым айына бөлінді. Тарату бағасы 158,0 теңгеден.
Аудан бойынша 3999 гектар суармалы алқап бар. Оның ішінде сумен қамтылатын және суармалы дақылдар егілетін көлемі 2021 жылы 2258 гектар (2020 жылы 1490 га) құрап отыр.
Суармалы егістік алқаптарға 1200 гектар дәндік жүгері, 40 гектар картоп, 270 гектар көкеніс, 360 гектар бақша және 388 гектар көпжылдық шөптер орналастыруға су жетеді.
Аталған суармалы алқапқа тиісті нормативке сай қажетті су көлемі 27,9 млн.м3. Қажетті су көлемін (27,91 млн.м3) Казсушар арқылы алынады деп жоспарлануда.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы