Елорданың жаңа әкімі кім болады?

0 1 487

Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қызметінен босатылмақ. Бұл туралы журналист Махамбет Абжанның телеграм каналы хабарлады.

«Екі бірдей дереккөздің айтуынша, сейсенбі күні Көлгінов қызметінен босатылып, Жамбыл немесе Батыс Қазақстан облыстарының біріне әкім болып тағайындалады. Ал елорданы Маржықпаев басқарады» деп жазды журналист.

Ермек Маржықпаев 2019 жылдан бері Ақмола облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.