Шаңырақ көтеріліп, киіз үй тігілді

0 374

Жыл басы, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында киіз үйде отырып ақ тілек тілеп, Наурыз көжеден дәм татып, кішіге өнеге көрсету қашаннан келе жатқан ұлттық болмысты айқындайтын бір белгі сияқты.

Бүгін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай бүгін Сарысу аудан әкімінің орынбасары Нұржан Тоқбергенұлы, қала әкімі Борсықов Дүйсенәлі, ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдарбергенов Қуандық бастап қала көшесінің орталығына ақ шаңқан киіз үй тікті.

Қашанда жақсылыққа балайтын халықпыз ғой, бұл жолы да санитарлық талаптарға сай Ұлыстың ұлы күнінің сәнін көкке шаңырақ көтеріп, ел-жұрт аман болсын деп, уықтарын қадап, керегесін кеңінен жайды.

Ауданда тазалық, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.