«Жүрек жылуы. Аялы алақан. Наурыз шапағаты»

0 392

Адами қасиеттердің ең қадірлісі — қайырымдылық. Ал оны жасау — үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.

Наурыз мейрамы қарсаңында Сарысу аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ ұйымы » Жүрек жылуы. Аялы алақан. Наурыз шапағаты » атты қайырымдылық науқаны аясында көп балалы және жалғыз басты аналарға түрлі дақылдар, май, кондитерлік және тағы басқа өнімдер салынған, азық-түлік себетін тарату шарасын ұйымдастырды.

Аналарды мерекемен құттықтап,».. әрбір шаңыраққа бақ береке орнап, отбасы мейірімге, қуанышқа тола болсын!»— деген жылы лебізін білдірген аурухана бас дәрігері Бағила Бегманова «….Наурыз мейрамы – табиғаттың оянуы, жердің гүлденуі, тіршіліктің жандануы, бейбітшілік пен береке тасуының нышаны.

Осы мейрамның қуанышына ортақтасып отырып, бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандағы мақсатымыз – қыстан, оның үстіне пандемиядан қиналған жерлестерімізге қол ұшын созу”- деді .

Leave A Reply

Your email address will not be published.