Экс-президенттің құдасы қамалды
Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтің құдасы, бұрынғы депутат Әлиярбек Әбжалиев қамалды, — деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kg сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК бұрынғы депутаттың ұсталғанын растады. Алайда күдіктінің аты тергеу құпия өткізіліп жатқанына байланысты айтылмады. «Кәсіпкер ҰҚКҰ-ға Ә.Ә. Парламент депутаты болған кезде жасаған алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде 2 миллион доллар көлемінде залал келтірді деген шағыммен жүгінді. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Сот оған тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деді ведомство өкілі.