Назарбаевтың жиені «Транстелекомның» жұмысына кедергі келтіруде
Қазақстандық байланыс операторы «Транстелеком» АҚ компаниясы екі рет директорлар кеңесін шақыра алмай қалды.
Қазақстан қор биржасы 31 қаңтарға белгіленген «Транстелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтпегені туралы мәлімдеме жасады. 1 ақпанға ауыстырылған екінші кездесу де өтпеді.
Orda.kz редакциясы отырысқа «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрәлі Әлиев келмегендіктен, кездесу өтпеді деп болжады.
Айта кетсек, Нұрәлінің анасы Дариға Назарбаева 5 қаңтардан бері жұмыс орнына бармаған. Осы жағдайды ескере отырып, жақын арада директорлар кеңесінің құрамы өзгеруі мүмкін. Қазір директорлар кеңесінде жеті адам бар: Нұрәлі Әлиев, Дмитрий Покупателев, Қанат Досмұқаметов, Ерлан Исекешев, Берік Өтемұрат және Сәлмен Әмрин.
Нұрәлі Әлиев 2016 жылдан бері «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2021 жылғы 11 ақпанда ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ акцияларының 75%-ы Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателевтің ортақ иелігіндегі «Unit Telecom» ЖШС-не берілді