Оқушыларға хит әнді айтқызған мұғалім талқыға түсуде

0 696

Мектеп сыныбында оқушыларға атышулы Мұрат Әбділдәнің әнін айтқызған музыка пәнінің мұғалімі ел ашуын тудырды. Желі қолданушылары бұл балаға теріс тәрбие екенін алға тартты.

5-сынып оқушыларының ән айтқан сәтінің видеосын мұғалімнің өзі ТікТок парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Руслан Нүсіпәлиев есімді желі қолданушысы сынып ішінде отырған бір топ оқушының ән орындаған сәтінің видеосын жариялады. Онда 5-сынып оқушылары атышулы Мұрат Әбділдәнің «Шағала» атты әнін орындайды. Ал тақтаға орнатылған экранда әннің мәтінін көруге болады.

Бұны көрген желі қолданушылары ұстаздың әрекетіне таң қалды. Бірі қалжың деп қабылдаса, енді бірі музыка пәнінің оқытушысын сынның астына алды.

«Кішкентай балаларға мұны айтқызу әбестік деп ойлаймын. Ұят…», «Мұрат Әбділдәнің мотивациялық сабақтары», «Мына не тәрбие балаларға?», «Жетіскен екенсіңдер», «Мұғалімде сана жоқ екен», «Мынау не масқара? Тоқтатыңдар», «Мынау ұят, Мұратты үлгі етіп кім шығарып жүр?», «Әдемі өлең жоқ па? Алқаштың әнін балаларға үйретіп…», «Осындай мұғалімің болса сабақтан қалмайсың ғой», «Болашақ алқаштарды дайындау ма?», «Әзілдеп отырған болар. Бірақ балалар оны жақсы көреді ғой» деп жазды желі қолданушылары.

Сыни пікір қалдырғандарға жауап жазған ұстаз бұл видео сабақтан тыс уақытта қалжың ретінде түсірілгенін айтты.

Еске салсақ, Мұрат Әбділдә әлеуметтік желінің тікелей эфирінде ән айтып жүріп елге танылған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.