Азық-түлік себеттерін жеткізді
Қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтініде рас. Осы орайда Жамбыл обылысы Сарысу ауданының әкімі 2021 жылдың 17 наурыз күнгі № 01-646 шығыс хатына сәйкес, көгілдір көктемнің Әз-Наурыз мерекесіне орай 17-18 наурыз күндер аралығында «Жүрек жылуы» атты қайрымдылық іс-шарасын ұйымдастыру мақсатында, Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің ұжымдары тарапынан аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 5 отбасын азық –түлікпен қамтамасыз етті. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ!
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы