Бердімұхамедов отставкаға кетпек
11 ақпан күні Түрікменстан астанасы Ашхабадта мемлекеттің алдағы 30 жылдағы даму жоспарларына арналған Халық мәслихатының кезектен тыс отырысы өтті.
TDH мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов сөз сөйледі.
– 15 жыл бойы мен Түркіменстан президентінің ең жоғары және өте жауапты қызметінде жұмыс істеп келемін. Сонымен бірге мен Түркіменстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы, Мемлекеттік Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Түркіменстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы, Түрікменстан Халық Маслахаты Милли Генгештің төрағасы қызметін атқарамын, – деді Түрікменстан президенті.
Одан әрі мемлекет басшысы екі жыл бұрын пайғамбар жасына жетіп, қиын шешімге келгенін айтты.
– Еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік басқаруға жол рухани ортада, заманның биік талаптарына сай тәрбиеленген жас көшбасшыларға берілуі керек деген пікірді қолдаймын. Мен Халық Маслахатының Төрағасы ретінде өзімнің үлкен өмірлік және саяси тәжірибемді осы салаға одан әрі бағыттауға ниеттемін, – деп түйіндеді Бердімұхамедов.