Ресейдің барлау қызметі қаңтардағы қантөгісті алдын-ала білген бе?

0 691

Ресейдің Сыртқы барлау қызметінде (СВР) Қазақстанда қаңтардағы оқиғаға дайындық туралы ақпарат болған.

Бұл туралы Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин «Московский комсомолец» газетіне берген сұхбатында айтты.

 

«Әрине болды. Біріншіден, Сирияда талқандалған ДАИШ бандыларының содырлары және басқа да лаңкестік топтардың Орталық Азия мемлекеттеріне қол созғаны туралы. Бұл біз үшін де, осы мемлекеттердің арнайы қызметтері үшін де құпия емес еді. Мұндай қозғалыстың кімнің қамқорлығымен болғаны да белгілі болды. Бұған аймақтың барлық мемлекеттері алаңдаушылық білдірді. Біз бұл ақпаратты Қазақстандағы және ҰҚШҰ-ға мүше басқа мемлекеттердегі әріптестермен бөлістік» деді Нарышкин.

Оның айтуынша, Қазақстандағы оқиғалар деструктивті саяси күштердің экономикалық ұрандармен бейбіт наразылық акцияларын қалай тез және жоспарлы түрде пайдаланып, әртүрлі «түрлі-түсті революциялар» жасауға тырысатынын анық көрсетті.

«Бұл күштер барлық бағыттағы содырларды қолданудан бас тартпайды. Олардың басшылығы 2014 жылы Украинада анық көрсетілген ішкі саяси жағдайды шайқаудың стандартты схемалары бойынша жүзеге асырылады» деді РФ Сыртқы барлау қызметінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.