Экс-депутат билікке қатысты біраз шындықты жайып салды
Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың тағдырын қайталады ма? Бұл сұраққа Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болған Серік Әбдірахманов Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— «Жоқ кеткен жоқ. Олардың бәрі қашты ғой. Ал, 1986 жылы сол сьезде Назарбаев және біраз азаматтар Димекеңе қарсы ұйымдастырылған компанияға қатысты. Тіл тигізді. Назарбаев Димекеңнің ісіне қарсы шығып, көпшілікпен мүлдем санаспайтын болды. Болымсыз нәрселерді айтып Димекеңе тиісті. Ол енді Қонаевтың кадры ғой. Сол енді Қонаевшыл емес, Назарбаев өзін оппозиционер ретінде көрсеткісі келді» — деді экс-депутат.
Сондай-ақ ол Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаев әділ сайлауды жоюға өздері үлес қосқанын жеткізді.
— «2005 жылы қайтыс болар алдында Заманбек өзінің ашық хатын жазған халыққа. 1993 жылы мен қателесіппін. Назарбаевқа сеніп қалыппын. Жоғарғы Кеңес, Жергілікті кеңестерді таратуға негізгі атқарушы Заманбек өзі болған. Соған өкініп, халықтан кешірім сұрап қаза болар алдында үлкен жазба қалдырды.Оның идеологі Алтынбек болған. Әрине Алтынбек кейін өкінді. Ол шын демократиялық жолға кейін түсті. Бірақ, істерін істеп кетті» — деді Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болған Серік Әбдірахманов.