«ОДКБ» әскері тағы да Қазақстанға келмек
Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) әскері биыл тағы да Қазақстанға келмек. Бұл жолы шеруге емес, бейбіт оқу-жаттығуларға келеді. Бұл жайлы Ресейлік БАҚ хабарлады.
«Қазақстан аумағында түрлі әскери құрамаларды даярлауды күшейтетін бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отырмыз. Барлау күштерін сынайтын «Іздестіру-2022» оқу-жаттығуын, ҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша «Эшелон-2022″ оқу-жаттығуы, Орталық Азия өңіріндегі дағдарысты жағдайды реттеу мақсатындағы міндеттерді пысықтаумен ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізгіміз келеді», — деп мәлімдеді ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров.
Сондай-ақ, бейбіт әскердің Тәжікстан мен Қырғызстанда да оқу-жаттығулары өтпек.
Айта кетейік, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді.