Қазақстандық танымал блогер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Кеше түнде тергеу соты белгілі блогерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовтың үстінен бұлтартпау шарасы бойынша санкция берген. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм арнасы хабарлады.
«Бұл үшеуі ҚР Қылмыс Кодекстің 217 бабы яғни Қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша күдікті деп танылуда. Бұл Кодекске сәйкес кінәлі адам 5жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Тергеу қорытындысына сәйкес бұлар mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап ғана қоймай тұрақты түрде үлес алып отырған. Бұрын бұл іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бирканов тұтқындалса, кейін оның қатарына өзге де әріптестері қосылған болатын. Әзірге үш блогер кепілдікпен босатылған» деп жазды телеграм арнасы.