«Митингіге шақырамын!» Болат Әбілев саясатқа қайта келді ме?
Белгілі саясаткер Болат Әбілев бұдан бірнеше жыл бұрын саясаттан кететін мәлімдеп, содан бері саяси аренадан көрінбей кеткен. Осыдан кейін бұрынғы кәсібіне – бизнесіне көшкен. Қаңтар трагедиясынан соң тура бір ай өткенде Б.Әбілев видео үндеу жасап, халықты бейбіт митингіге шақырды. Бұл туралы nege.kz сайты жазды.
«Құрметті азаматтар! Кешегі Қаңтар ұлттық трагедиямызға қырық күн болды. Өмірден озған азаматтарды еске алу бейбіт митингісіне 13 ақпан күні сағат 12:00-де, Республика алаңына мен – Болат Әбілов шақырамын», – деді ол.
Әлеуметтік желіде Б.Әбілевтің бұл шақыруын жұрт екұшты қабылдап жатыр. Мұны «Әбілевтің саясатқа оралуы» деп түсінгендер де, «биліктің өтінішін орындауы» деп қабылдағандар да бар.
Біздің байқағанымыз, Болат Әбілевтің қазақшасы нашарлап қалыпты. Саясаттан қол үзген бірнеше жылда қазақ тілді ортадан да шеттеп қалғаны байқалып тұр….