«Жириновский ауыр халде жатыр»
Қазақстанда туған ресейлік саясаткер Владимир Жириновский ауруханаға түсті.
Ресейдегі либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Экспресс К.
75 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр. Ол Мәскеудегі орталық ауруханаға жеткізілді,
— деп хабарлады Ресейдің ТАСС агенттігі.
Жириновский жетекшілік ететін Либералдық-демократиялық партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткердің ауруханаға түскеніне екі күн болған.
Telegram-арналар ресейлік саясаткердің өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын жазып жатыр. Жалпы, Жириновский коронавирусқа қарсы 8 рет вакцина алған.
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.