Молда 14 жастағы оқушы қызды зорламақ болған

0 274

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында молда 14 жастағы оқушы қызды зорламақ болды.

Отырар басылымының мәліметінше, молда зардап шегушінің өлтіремін деп қорқытқан.

 

Ер адам сот шешімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қыздың анасының айтуынша, молданың туыстары сот үкімімен келіспей, қызға қысым көрсетіп жатыр.

«Олар мәлімдемені өзгертпесек, бізді өлтіретінін айтты. Мені мектептің қасында тұтқынға алды. Сосын олар да мені өлтіретіндерін айтты» дейді жәбірленуші.

Осындай қоқан-лоққылардың салдарынан отбасы үш рет тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болған.

«Полиция біздің өтінішімізді қарастырғысы келмейді. Қылмыс құрамы жоқ дейді. Қорқытса видеоға түсір дейді. Қандай ана қызын пышақпен қорқытса, видеоға түсіреді?» деді әйел.

Бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, содан кейін полицейлер «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тергеу бастады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқушы қызды қорқытқаны туралы нақты деректер жоқ.

«Тергеу фактілерді әлі анықтаған жоқ. Біз жанжалдасушы екі тарапты да сұрадық, бірқатар тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге нақты дәлел жоқ» дейді Сарыағаш аудандық ІІБ бастығының орынбасары Қуаныш Байзақов.

Жәбірленушінің анасы оларға бірнеше адам қысым көрсетіп келе жатқанына сенімді. Бірақ тек бір күдікті тергеуге ілінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.