Назарбаев пен Атамбаевтың арасында неге кикілжің туды?

0 333

Қырғызстанның «Социал-демократтар» партиясының көшбасшысы Темірлан Сұлтанбеков Қырғызстан мен Қазақстанның бұрынғы президенттері Алмазбек Атамбаев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында кикілжіңнің неден туғанын айтып берген.

Оған сенсек, екі президент 2016 жылы қырғыз жеріндегі «Ата-Бейіт» мемориалына гүл қою рәсімі кезінде сөзге келіп қалған. Бұл туралы Kaktus.kg хабарлады.

2016 жылы 16 қыркүйекте ТМД мемлекеттерінің басшыларының кеңесінің жиыны өтеді. Ертеңіне Алмазбек Атамбаев 60 жасқа толған туған күнін атап өткен. Таңертең 1916 жылғы көтеріліс кезінде құрбан болғандардың мемориалына гүл қою үшін ТМД президенттері «Ата-Бейітке» бармақ болып, резиденция алдындағы боз үйдің маңына жиналады. Бұған Ресей президенті Владимир Путин әрең көнген көрінеді.

Сол сәтте күтпеген жерден Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путиннің қолынан ұстап, «Ата-Бейітке» бармауға көндірмек болады. Ол: «Бұл шара орыстарға қарсы бағытталған. Атамбаев – ұлтшыл. Түпкі мақсаты – елдердің арасына шоқ салу» деп айтып қалады. «Орта Азияда Қырғызстаннан басқа бірде-бір мемлекет бұл қайғылы оқиғаның жүз жылдығын ресми түрде атап өтпейтінін» баса көрсетеді.

Бұған шамданған Атамбаев қатқыл жауабы береді. «Назарбаевтың жасында Құдайдан ғана қорқу керек. Құрбан болған ата-бабаларды сыйлау  керек», – деген дүрсе қоя берген.

Путин екі президенттің сөзталасына үнсіз тыңдап тұрған. Бірақ ақыры бейітке барып гүл шоғын қояды. Назарбаев болса, мойын бұрмай, бірден аэропортқа жол тартып, әрі қарай Қазақстанға ұшып кетіпті.

Осы оқиғадан кейін екі елдің президенттері арасына сызат түседі. Атамбаев «Қазақстан қырғыз сайлауына араласты», «қазақ билігі ұры» дегенді меңзеп сын айта бастайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.