АЭС салына ма: Президент нүктесін қойды

0 645

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында атом электр станциясын салу қажеттігі туралы айтты.

 

– Біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістерге тап болдық. Ең жарқын мысал-жақында елдің оңтүстігінде электр қуатының өшуі. Біз шектес мемлекеттердің энергия жүйесі жұмысының сапасына ішінара тәуелдіміз, – деді президент.

Ол елдің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін шұғыл шешу қажет екенін айтты.

 

– Неліктен жауапты тұлғалар атом станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап беруден дипломатиялық түрде кетіп жатқанын түсінбеймін. Нақты айту керек: таза атом энергиясынсыз біз инвестициялар туралы айтпағанда, бүкіл экономикамызды жоғалтып аламыз, өңірлік көшбасшылығымызды жоғалтамыз, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев елге таза электр энергиясы қажет екенін айтты.

– Бізге электр энергиясы қажет, атомдық, таза электр энергиясы қажет. Егер біз экономикалық шындықты түсінбейтін популистер жетегінде кетер болсақ. Атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет, – деді Тоқаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.