Жаңа әкім «тазалап» жатыр ма? Экс-әкімнің 3 орынбасары бір күнде жұмыстан кеткен

0 613

Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев команданы жаңартуға кірісті. Бүгін жалғыз Ержан Бабақұмаров емес, Мақсат Қиқымов пен Серік Құсанов үшін де соңғы жұмыс күні болғаны хабарланды.

Дереккөздің айтуынша, Ерболат Досаев әкімнің орынбасарларын қызметінен босату туралы бұйрыққа ертең, 2 ақпанда қол қояды.

Мақсат Қиқымов Зера Шәкерханға («ТұранӘлемБанкі» АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қызы) үйленген.

Бұған дейін Ержан Бабақұмаровтың Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткені туралы хабарланған болатын.

Еске салсақ, 2004 жылы 19 желтоқсан күні 38 жасында Ержан Тәтішев қайтыс болды. Бұрын өлім аң аулау кезінде болған деп есептелген. Тергеу мәліметтері бойынша, Мұратхан Токмадидің қолында болған мылтық көлік жолға шыққан кезде атылған. Оқ Тәтәшевтің желкесіне тиген.

Іс қаруды абайсызда ұстау нәтижесінде жазатайым оқиға ретінде қабылданған.

Жақында Мұратхан Тоқмәди бұл қылмысты Мұхтар Әбіләзовтың тапсырысы бойынша әдейі жасағанын мойындады. Ал 2004 жылы ол кісі өлтіру бойынша қыдмыста кінәсіз деп танылуы үшін тергеуге пара берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.