Сара Назарбаеваға қатысты жаңа деректер шықты

0 2 291

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында Сара Алпысқызы Назарбаеваның мемлекетке қанша қарыз екені көрсетілген.

Назарбаеваға қатысты мәліметтер Комитеттің көпшілікке қолжетімді дерекқорында тұр, деп хабарлайды Экспресс К.

Онда Сара Назарбаева жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәлімет бар. Кірістер комитетінің анықтамасы бойынша зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдер бойынша қарызы жоқ болса да Сара Алпысқызының мемлекет есебіне аударуға тиіс сомасы көрсетілген. Қарыздың жалпы құны: 39 866 теңге 51 тиын.

Бұл соманың қайдан алынғаны белгісіз. Комитеттің базасында ол туралы нақты мәлімет жоқ. Базадағы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.