Тағы да ауыс-түйіс: Кім кетті?
Асқар Маратұлы «Қазавтожол» ұлттық жол операторы» АҚ төрағасы қызметінен кетті.
Ол бұл лауазымға 2021 жылдың сәуірінде тағайындалған. Бұған дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен (2019 жылдың 3 сәуірінен 2021 жылдың 22 сәуіріне дейін).
Асқар Мұратұлы 1976 жылы Семейде дүниеге келген.
Білімі:
- 1998 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген;
- 2003 жылы Л. Гончарова атындағы Қазақ автомобиль жол университетінде инженер мамандығы бойынша оқуын бітіген.
-
Еңбек өтілі:
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және қызмет көрсету басқармасының инспекторы (07.1998-12.1999);
- ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі мемлекеттік лауазымдар (12.1999-05.2002);
- ҚР Көлік және коммуникация министрінің көмекшісі (05.2002-09.2003);
- «Қазақавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры (09.2003-07.2007);
- Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары (07.2007-11.2009);
- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің жұмылдыру дайындығы департаментінің сарапшысы (11.2009-08.2010);
- Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары (02.2012-10.2012);
- Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы (10.2012-01.2015);
- Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі (01.2015-12.2017);
- Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы (20.12.2017-04.2019);
- Ақмола облысы әкімінің орынбасары (03.04.2019-04.2021);
- «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы (04.2021 ж.)