Сағынтаевтың артынан оның орынбасары да қызметінен кетті

0 351

Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, оның не себепті кеткені белгісіз. Орнына кім келетіні әлі айтылмады. Бұл Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың алғашқы кадрлық ауысуы, деп хабарлайды orda.kz.

Бабақұмаровтың кетуі әкім ауысқаннан кейін келесі күні орын алды. 31 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатты.

Еске салсақ, Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың шілдесінен бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Осы жылдары ол президенттің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, президент әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі, президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің жетекшісі болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.