«Аянбай еңбек еттік»: экс-төраға мәлімдеме жасады
Бүгін қызметінен босатылған Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеме жасады.
«Биыл Мәжіліс Спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда ең алдымен, Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Мемлекет Басшысы, партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұрлан Нығматулиннің өкілеттілігі тоқтатылып, орнына Ерлан Қошанов сайланған болатын.