Екі облыста ауыс-түйіс орын алмақ

0 556

«YEDILOV ONLINE» телеграм каналының хабарлауынша Қостанай мен Қызылорда облыстарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  департаментінің басшылары ауыспақ.

«Дереккөзге сүйенсек Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болып Өскемен қаласының прокуроры Серікжан Мырзалы тағайындалмақ. Ал Қызылорда облысында бұл лауазымға агенттіктің Батыс Қазақстандағы департаментін басқарып отырған Рустам Ақмырзаев тағайындалады деп күтілуде» деп жазды телеграм каналы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.