Қазақстанның бірнеше өңірінде шенеуніктер ұсталды

0 1 356

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бірнеше облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша АШБ басшысы В.Айламазян, Жамбыл облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Е.Күлкеева және Маңғыстау облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Б. Ізімтаевты ұстады», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілі ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.