80 жастағы саясаткер президент болып сайланды
Сенбі күні Италияда ел президенті сайланды. Бұл лауазымға 80 жастағы саясаткер Серджо Маттарелла қайта отырды, деп хабарлайды nege.kz
С.Матарелла дауыс саны бойынша 1978 жылы 832 дауыс жинаған Андро Пертиниден кейінгі екінші президент болды. «Қазіргі жағдай бізге пандемия мен әлеуметтік-экономикалық сілкіністің қиын кезеңінде жауапкершілік алуды қажет етеді. Біз өз міндеттерімізден бас тартпауымыз керек. Ал азаматтарымыздың үміті, соның ішінде жеке сипаттағы ойлардан да басым болуы керек», — деді дауыс беруден кейін С.Маттарелла.