Мейірбектің анасы: Ұлымды өлтірген экс-әкімдік қызметкері бостандықта жүр

0 688

23 қараша күні Тараз қаласында жол көлік апаты орын алып, 18 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болған.  Жас жігіт тізгіндеген Nexia автокөлігінің артқы жағынан соққан 28 жастағы бұрынғы әкімдік қызметкері оқиға орнынан қашып кеткен. Orda.kz редакциясына хабарласқан марқұмның анасы күдіктінің бостандыққа шыққанын хабарлады.
Тараз қаласы әкімдігі аппараты «Медиаорталық» КММ экс-директоры Жанайдар Жолдасов оқиға орнынан кетіп қалғаннан кейін іздеу жарияланып, 25 қараша күні ұсталды. Кейін одан полиция қызметкерлері түсініктеме алып, қайтадан жібере салған. Сонымен қатар, оның үстінен басқа іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан.
Президент Тоқаевтың атына Мейірбектің анасы Гаухар бүгін біздің редакция арқылы тағы да үндеу жасады. Өйткені, күдікті деп танылған Жанайдар Жолдасовты судья Садырқұлов рақымшылық заңын негіз етіп босатып жіберген. Мейірбектің анасы ұлының өліміне тікелей қатысы бар күдіктінің рақымшылық заңына ілігенін түсіне алмай дал
болғанын айтады.

Не болды?
23 қараша күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында таңғы сағат 06:30 шамасында Сейфуллин-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында ЖКО орын алды. Оқиға орнында қайтыс болған Мейірбек Уалиханұлы жақында ғана 18 жасқа толған. Колледж студенті. Ол кешкі уақытта Nexia автокөлігімен такси жүргізушісі болып қызмет еткен.
23 қарашаның кешінде көлігінің дөңгелегі жарылып жол ортасында тоқтауға мәжбүр болып, апат кезіндегі қолданылатын белгілерді жол үстіне қойған. Қосымша дөңгелекті алу үшін көліктің жүксалғышын ашып тұрғанда арт жағынан BMW автокөлігі келіп соққан. Nexia көлігі оң жаққа, Мейірбектің өзі сол жақ бетке ұшып кеткен.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы.

Orda.kz.

Президентке арналған видеоүндеуді осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.