«Еуропарламентті «құйрығынан шымшыған» жері ұнады». Өркен Кенжебек Президенттің сұхбаты туралы
«Қазақ үшін ең жақсы мотивация — “көршінің баласын қарашы, әне! Сен болсаң, әлі төсегіңде жатсың, жүгермек”
Тоқаевтың сұхбатын тапжылмай қарап шықтым. Еуропарламентті “құйрығынан шымшыған” жері мен қазақ зиялыларының жастарға дым әсері жоқтығы, олардың шалт құбылма, жалт жағымпаздығын іреп салған жері ерекше ұнады. Әрине, біздің қашқын олигархтарды өзбек байларымен салыстырған тұсында кәдімгідей намыстанып қаласың. Бірақ, шыңдық солай..
“Еуропарламенттің бізге қатысты асығыс, байыпсыз қарар жариялауында лоббистердің қолының ізі бар шығар. Ал ол лоббистерді біздің қазынадан масқара соманы алып қашқан олигархтар ауыздандырып отыр-ау. Оларға маңыздысы — “жаман болған сайын жақсы” деген принцип. Әйтеуір, айдап салу, арандату. Ал өзбектің байларын қарашы! Өз емес, өзге елде байып келеді де, Өзбекстан президентіне “Қай жерге ақша салсам болады? Қай тұсты көгертейін?” деп айтады. Сөйтіп қаншама аурухана, мектеп салды олар. Міне, қазақ пен өзбек байларының арасындағы айырма”, — деді Тоқаев» деп жазды Өркен Кенжебек фейсбуктегі парақшасында.