Тоқаев: «Қызметкерді «көшеден» де тағайындауға болады»

0 866

«Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі соңғы кадрлық тағайындауларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент қызмет етіп жүрген кадрларды толықтай жұмысынан шеттету тәжірибесіне қарсы екенін айтты. Кадрларды біліктілігіне, жұмысты атқару сапасына қарай бағалау керек. Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметті 100 пайыз ауыстырып, өзіңді революционер ретінде жария етіп, көпшіліктің алдында осындай әрекеттер жасауды қолдамайтынын жеткізді. «Бұл мәселеде лайықты министрлерді іріктеу керек. Қызметкерді «көшеден де» тағайындауға болады. Әлемдік тарихта осындай жағдайлар кездескен болатын… Атап айтқанда, кадрлар мәселесіне өте сақтықпен қарау керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент жұмысында жауапкершілігі жоқтары қызметте жүре бермейтінін атап өтті. «Әрине, болашақта өзгерістер болады. Бұл қадамдар жан-жақты пысықталған, ойластырылған негізде жасалады», — деді Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.