Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз қытай тілін үйренуіміз керек
Тоқаев Қытаймен ынтымақтастық, сондай-ақ АҚШ-пен қарым-қатынас туралы пікір білдірді, деп хабарлайды orda.kz.
– Қытайға келетін болсақ, біздің ең жақын көршіміз екенін түсіну керек. Біз көршілерді ауыстыра алмаймыз. Қытай даму жолында үлкен жетістіктерге жетті. Біз Қытаймен ынтымақтасуымыз керек, Қытай нарығына тәуелдіміз, біздің барлық фермерлер Қытай нарығына қатты сенеді. Осы уақытқа дейін Қытай бізге еш жамандық жасаған жоқ. Қытаймен сауда көлемі 17 миллиард долларға жетті. Біз Қытайды танып, қытай тілін үйренуіміз керек. Бұл қолымызды жоғары көтеріп, беріле салу дегенді білдірмейді. АҚШ-қа келетін болсақ, бұл өте маңызды ел, – деді мемлекет басшысы.