Тоқаев: Алма-Ата орыстілділерге ыңғайлырақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың Алматының атын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында Алматының атын өзгерту және Алма-ата атауын қайтару туралы сұраққа жауап берді.
«Неге қазір барлық құжатты қайта жасап, шешім қабылдаймыз? Алматы қазақ тілінде сөйлейтіндерге қолайлы. Алма-Ата орыстілділерге ыңғайлырақ. Сондықтан ресми түрде Алматы атауы сақталатынына, қала тұрғындарына ыңғайлы және қаламызға сырттан жылы қарайтындар үшін осылай атала беретініне келісейік. Түптеп келгенде, қытайлар астанасын Байджин деп атайды, ал біз Бейжің деп атаймыз. Әйтеуір, тарихи түрде осылай болды», — деді Президент.