«Бұл мәселе тез шешілді». Тоқаев Назарбаев туралы айтты

0 792

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен билік үшін саудаласпағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жоқ, әрине, саудаласу болған жоқ. Жеке артықшылықтар туралы да әңгіме болған жоқ. Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының мәртебесі туралы мәселені шұғыл шешу қажет екені туралы айтылды және жағдай шиеленіскен кезде, жасырмаймын, мен қазір халыққа осы сәттен бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенімді мәлімдеуім керек деген мәселені қойдым.
Бұл мәселе тез шешілді. 28 қаңтарда Nur Otan партиясының съезі өтті, мен онда сөз сөйлеп, Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи роліне баға бердім. Менің ойымша, бұл бағалау объективті, және дәл осы сипаттамаға болашақта адамдар үшін бағдар болады деп үміттенемін», — деді Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасының журналистіне берген сұхбатында.

Бұған дейін Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде Назарбаев туралы айтқан болатын. Сол кезде ол қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері мен қадір-қасиетін бірінші орынға қоюға, ал қалыс қалған сәттер елдің болашақ басшыларына қалдыруға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.